Әлемдік қауымдастық АҚШ-тың ветосын залалсыздандыру үшін жаңа механизм қарастыруы керек
Палестинаның СІМ сенбі күні кешке мәлімдеме жариялап, әлемдік қауымдастықтан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде сионистік режимнің қылмыстары туралы қабылданатын қарарларға қатысты АҚШ-тың ветосын залалсыздандыру үшін жаңа механизм қарастыруды сұрады.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Палестинаның СІМ-нің мәлімдемесінде: "Әлемдік қауымдастық БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде АҚШ-тың ветосымен күресу жолын таппаса, бұл кеңес АҚШ-тың басқыншыларды ессіз қолдауына қызмет ету құралына айналады",-деп жазылған.
Палестинаның СІМ АҚШ-тың БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Газа секторы туралы мәлімдемесіне жұма күні кешке вето жариялауын айыптап: "АҚШ-тың басқыншыларды жақтауы оның сионистік режимнің Газа секторында "Оралу құқығы" деп аталатын шеру кезінде Палестинаның жапа шеккен халқына қарсы жасаған қылмыстарын мақсатты түрде жасырып, оны қолдап отырғанын көрсетеді",-деді.
АҚШ жұма күні кешке осымен екінші рет БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде Кувейт ұсынған мәлімдеменің жариялануының алдын алды. Бұл мәлімдемеде сионистік режимнің Газа секторында шерушілерге көрсеткен қатігездігі айыпталған болатын.
"Оралу құқығы" атты сегіз күндік шеруде Израиль әскерінің оғынан 31 палестиналық қаза тауып, 3000-нан астам адам жараланды.