Ресей алғашқы жылжымалы атом станциясын суға түсірді
https://itolqyn.com/news/world-i36586-Ресей_алғашқы_жылжымалы_атом_станциясын_суға_түсірді
Ресей электр қуаты мен тұщы су өндіретін алғашқы жылжымалы атом станциясын суға түсірді.
(last modified 2026-03-19T23:12:26+00:00 )
Сәу 29, 2018 22:24 Asia/Almaty
  • Ресей алғашқы жылжымалы атом станциясын суға түсірді

Ресей электр қуаты мен тұщы су өндіретін алғашқы жылжымалы атом станциясын суға түсірді.

Жексенбі күні тұсауы кесілген "Академик Ломоносов" атты жылжымалы атом станциясы Санкт-Петербургтің кеме шығаратын Балтық зауытында жасалды. Ол 70 мегаватт электр қуатын өндіру мүмкіндігімен 100 мыңнан астам халқы бар қалаларды қажет электр тоғымен қамтамасыз ете алады. Бұл жоба 2008-шы жылдан бері іске асырылып келеді. Оның негізгі ерекшелігі жылжымалы болуы саналады. Ресейлік басшылардың айтуынша, бұл станцияны кез келген аймаққа жеткізуге болады.