Ресей алғашқы жылжымалы атом станциясын суға түсірді
Сәу 29, 2018 22:24 Asia/Almaty
Ресей электр қуаты мен тұщы су өндіретін алғашқы жылжымалы атом станциясын суға түсірді.
Жексенбі күні тұсауы кесілген "Академик Ломоносов" атты жылжымалы атом станциясы Санкт-Петербургтің кеме шығаратын Балтық зауытында жасалды. Ол 70 мегаватт электр қуатын өндіру мүмкіндігімен 100 мыңнан астам халқы бар қалаларды қажет электр тоғымен қамтамасыз ете алады. Бұл жоба 2008-шы жылдан бері іске асырылып келеді. Оның негізгі ерекшелігі жылжымалы болуы саналады. Ресейлік басшылардың айтуынша, бұл станцияны кез келген аймаққа жеткізуге болады.
Тегтер