Ресейдің әскери шығындары азайтылды
https://itolqyn.com/news/world-i36678-Ресейдің_әскери_шығындары_азайтылды
"Сібір" институты бір есебінде Ресейдің өткен жылы өзінің әскери шығындарын қатты азайтқанын хабарлады.
(last modified 2026-03-19T23:12:26+00:00 )
Maм 03, 2018 18:59 Asia/Almaty
  • Ресейдің әскери шығындары азайтылды

"Сібір" институты бір есебінде Ресейдің өткен жылы өзінің әскери шығындарын қатты азайтқанын хабарлады.

Ресей мен Батыс арасында текетірестің артқанына қарамастан, Ресейдің әскери шығындары 2017 жылы 3,66 млрд доллар болды. Бұл сома 2016 жылғы әскери бюджеттен 20 пайыз азырақ және 1998 жылдан бергі алғашқы қысқарту болып отыр. Мәскеу осы елдегі экономикалық дағдарыс салдарынан өзінің әскери бюджетін азайтуға мәжбүр болды.

Бірнеше себеп Ресейді өзінің әскери бюджетін қысқартуға мәжбүрлеген сыңайлы. Маңызды себептердің бірі халықаралық нарықта мұнай бағасының төмендеуінен туындаған Ресейдің экономикалық қиыншылықтары болды. Халықаралық нарықта мұнай бағасының төмендеу үдерісі Ресейдің мұнайдан түсетін табысының 100 млрд-тан астам долларға азаюына соқтырады. Бұл рубльдің құнының күрт түсуімен бір мезгілде Ресейдің экономикасына түскен қысымды арттырып жіберді. Соңғы екі жылда мұнай бағасының қайта өсуі Ресейдің экономикалық перспективасының жақсаруына себеп болды. Ресей экономикасы 2017 жылы 1,1 пайызға өсті. Шын мәнінде Ресей экономикасы 2010 жылға дейін мұнай бағасының қарқындай өсуіне байланысты өркендеу жолында болған. Бұған қарамастан,  екі маңызды құбылыс, яғни жаһандық нарықтарда мұнай бағасының түсуі мен Украина дағдарысының туындауы және соның салдарынан Батыстың Ресейге қарсы ауқымды санкция салуы мен елден капиталдың шығарылуы Ресей экономикасының ауыр жағдайды бастан өткеруіне соқтырды. Ресей экономикасы туралы жарияланған статистика Ресей мен Батыс арасындағы соңғы дағдарыстың Ресей экономикасына теріс әсер еткенін көрсетеді. Бұл дағдарыс "қырғи қабақ" соғысынан кейінгі екі тарап арасындағы ең ауыр саяси дағдарыс саналады. Соның салдарлары ретінде Ресейде инвестиция салу мен Ресей және Еуроодақ арасында сауда айналымының күрт азаюына тоқталуға болады.

"Сібір" институты зерттеушілерінің бірі Батыстың Украина дағдарысынан кейін Мәскеуге қарсы санкцияларына тоқталып: "Қазіргі таңда армияны жаңалау – Ресейдің басты басымдықтарының бірі, алайда бұл елдің әскери бюджеті 2014 жылдан бері көрген экономикалық қиыншылықтарына байланысты шектелді",-деді. Қазіргі таңда Ресей өзінің әскери бюджетін сақтап қалып, инфрақұрылым мен оқу саласында бюджетті қысқартуға күш салып жатыр. Алайда 2017 жылы бірінші рет басқа ешқандай таңдау жолы қалмағандықтан Мәскеу әскери бюджетті қысқартуға мәжбүр болды. Ресейдің Қаржы министрлігі 2016 жылдың қыркүйек айынде елдің әскери шығындарын 2017-2019 жылдары 6 пайызға қысқартуды сұрады. Алайда Ресей Президенті Владимир Путин бұл мәселеге қарсылық білдіріп, әскери шығындардың бастапқы бағдарламаға сәйкес болуы қажеттігін қуаттады. Осылайша Путин әскери-қорғаныс саласындағы шығындарды азайтуға қатты қарсы болып, 2017 жылға дейін Ресейдің бюрократиялық құрылымы, соның ішінде Қаржы министрлігі тарапынан көтерілген мұндай мәселеге табандылықпен қарсылық білдіріп отырды. Алайда экономикалық жағдай оны осы мәселені қабылдауға көндірді. Ресейдің әскери бюджетінің қысқартылуы батыстықтар, соның ішінде НАТО үшін жақсы жаңалық болып табылады. НАТО – Ресейдің басты жауы. Қазіргі таңда Ресейдің НАТО-мен қарым-қатынасы "қырғи қабақ" соғысынан кейінгі ең төменгі деңгейге жетті. Мұның басты себебі Украина дағдарысы және Ресей мен НАТО-ның Шығыс Еуропада әскери сап түзеуі болып отыр.