Үндістанда құрықталған ирандық балықшылар босатылды
Сәу 04, 2016 22:30 Asia/Almaty
Үндістанның оңтүстігіндегі ислам республикасының бас консулы осы елде құрықталған ирандық балықшылардың босатылғанын хабарлады.
Үндістанның оңтүстігіндегі Иран Ислам Республикасының бас консулы Хасан Нуриян дипломатиялық кеңесулер және судьямен сұхбаттасудан кейін 2015 жылы Үндістан суларында ұсталған 11 теңізші мен ирандық балық аулайтын кеме капитанының босатылғанын хабарлады. 2015 жылдың шілде айының бас кезінде техникалық ақауға байланысты ашық теңіздерде адасып, Үндістанның су шекараларына кіріп кеткен «Баруки» атты ирандық балық аулайтын кеменің экипажы Үндістан елінің теңіз территориясына заңсыз кірді деген айыппен құрықталған болатын.
Тегтер