Ресейдің бір жоғары лауазымды шенеунігінің Трамптың үлкен ұлымен құпия сұхбаты әшкере болды
АҚШ-тың ОББ Ресейдің бір жоғары лауазымды шенеунігінің құпия сұхбатының таспасына қол жеткізді. Бұл таспа АҚШ Президенті Дональд Трамптың үлкен ұлына қиындық тудыра алады.
Yahoo News-тің хабарлауы бойынша, Испания полициясы тарапынан жазылып алынған бұл дыбыстық таспада Ресейдің Орталық банкі басшысының орынбасары Александр Торшиннің сұхбаты тіркелген. Бұл адам АҚШ заң шығарушылары және АҚШ-тың Ұлттық қару-жарақ қоғамымен тығыз байланыс орнатып, 2016 жылы АҚШ Президенті Дональд Трамптың үлкен ұлымен кездескен.
Осы таспада Торшин мен ақша жылыстатумен айыпталған бір ресейлік азамат Александр Романовтың сұхбаты жазылған. Олар бұл сұхбатта Торшиннің 2016 жылдың мамыр айында АҚШ Президенті Дональд Трамптың үлкен ұлымен кездесуін талқылаған.
АҚШ-тың ОББ Торшиннің АҚШ-тың Ұлттық қару-жарақ қоғамына заңсыз ақша салу фактісін зерттеп жатыр. Бұл Дональд Трамптың 2016 жылғы сайлауда жеңіске жетуіне көмектесу үшін жасалды деседі. Бұл қоғам сол жылғы сайлау науқанында Трамптың сайлау штабын нығайту үшін 30 млн-нан астам доллар жұмсаған.