Иранның Сыртқы істер министрі Үндістанмен екіжақты қарым-қатынасты кеңейту қажеттігін қуаттады
ИИР Сыртқы істер министрі Үндістанның астанасы Нью-Дели әуежайында берген сұхбатта екі елдің әртүрлі салалардағы, соның ішінде сауда мен саясат салаларындағы екіжақты байланыстарын кеңейту қажеттігін қуаттады.
IRNA ақпарат агенттігінің дүйсенбі күнгі хабарлауы бойынша, Мұхаммад Джавад Зариф Нью-Дели әуежайына келген кезде берген сұхбатында Иран мен Үндістан қарым-қатынасының одан ары дами түсетіндігіне үміт білдірді. Өйткені, екі ел әріптестік жасауға болатын әртүрлі әріптестік салаларына, әсіресе энергетика саласына ие.
Зариф Үндістанның ИИР-ның аймақтағы саяси-экономикалық серіктесі ретіндегі орнын ескеріп, Иранның Нью-Делимен қарым-қатынасын өте жақсы деп бағалады.
Мұхаммад Джавад Зариф Үндістан сапарының бағдарламасы жайлы айтқан сөзінде Үндістанның Сыртқы істер министрімен кездесетінін, "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы мен АҚШ-тың осы халықаралық келісімнен шығу арқылы заңға қайшы жасаған әрекеттері жайлы сұхбаттасатындықтарын мәлімдеп, «Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы жайлы кеңесулер өткізу үшін әртүрлі елдердің басшыларымен кездесулерінің жалғасатынын айтты.