АҚШ армиясы ортақ штабының басшысы Сирияға ескерту жасады
(last modified Fri, 01 Jun 2018 13:29:26 GMT )
Маусым 01, 2018 19:29 Asia/Almaty
  • АҚШ армиясы ортақ штабының басшысы Сирияға ескерту жасады

АҚШ қоқан-лоққыларын жалғастырып, Сирия Президенті Башар Асадқа Вашингтонның одақтасы Сирия күрдтері демократиялық күштерінің бақылауындағы Сирияның солтүстік-шығыс аудандарын қайтарып алу үшін күш қолданудан бас тартуды ескертті.

France Press ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, АҚШ армиясы ортақ штабының басшысы генерал Кент Маккензи сенбі күні кешке Сириядағы барлық топтардың АҚШ-тың әскери күштеріне немесе ДАИШ-ке қарсы халықаралық коалициядағы оның одақтастарына шабуыл жасауын өте нашар саясат деп атады.

Сирия Президенті Башар Асад бейсенбі күні Russia Today ақпарат арнасына берген сұхбатта осы елдің солтүстік-шығысы мен шығысындағы Сирия күрдтері демократиялық тобының қол астындағы аудандар туралы: "Сирияда қалған жалғыз қиындық демократиялық күштер ғана. Біз олармен келіссөз жүргіземіз. Бұл тәсіл нәтижесіз болған жағдайда осы содырлардың қол астындағы аудандарды азат ету үшін күш қолданамыз",-деді.  

Сирия күрдтерінің демократиялық күштері АҚШ пен одақтастарының қолдауымен Сирияның шығысы мен солтүстік-шығысына басқыншылық жасап, Ракка мен Дейр оз-Зор  облыстарындағы өз бақылауындағы аумақты кеңейтіп алды.

 

 

Тегтер