Еуропа "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын сақтап қалу үшін жаңа қадамдар жасады
(last modified Thu, 07 Jun 2018 12:25:15 GMT )
Маусым 07, 2018 18:25 Asia/Almaty
  • Еуропа

Иранның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы аясында жаңа ядролық шаралар қабылдауы және бағдарламадан шығу ықтималы туралы жариялауымен бір мезгілде еуропалықтардың осы бағдарламаны сақтауға деген талпыныстары арта түсті. Осы орайда Еуропа дипломатиялық және конструктивтік шараларды орындауды бастады.

Германия, Франция мен Ұлыбританияның Сыртқы істер министрлері 4 маусымда өздерінің америкалық әріптесіне Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі басшысы Федерика Могерини қол қойған хатты жолдап, Иранның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығу ықтималы және оның салдарлары жайлы алаңдаушылық білдіріп, Вашингтоннан Иранмен жұмыс істейтін компанияларға санкция салмауды сұрады. Осы хатта АҚШ басшыларына Иранның ядролық келісімнен шығуының аймақта тұрақсыздықтың одан ары өршуіне әкеліп соқтыратыны айтылған. Еуропалықтардың бұл позициясы Иранның Атом қуаты ұйымының дүйсенбі күні АҚХА-ге хат жолдап, Теһранның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы аясында уран байыту көлемін арттыруды көздеп отырғанын мәлімдегеннен кейін орын алып отыр. Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи Иранның Атом қуаты ұйымына әзірге "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы аясында 190 мың ЕРР (бөлу жұмысының бірлігі) көлемде байытуға қол жеткізуге қажет алғышарттарды тез арада дайындауға бұйрық берді. Мүдделері қамтамасыз етілмеген жағдайда Иранның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығу ниетінің шынайылығын көрсететін бұл ұстанымдар мен шаралар еуропалықтардың қатты алаңдаушылығын тудырды. Франция Президенті Эммануэль Макрон Иранның жуырдағы ядролық шешімдерінің заңды екендігінен хабардарлығын, бірақ бұл шешімдер орындалған жағдайда текетірестің артатына алаңдайтынын айтты. Басқа жағынан Еуропа комиссиясы сәрсенбі күні АҚШ "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығып, америкалық санкциялар қайтарылғанынан кейін Иранға қатысты шектейтін ережелерді қайта жаңартты. Бұл ережелер АҚШ-тың Иранда жұмыс істеп жатқан еуропалық компанияларға қарсы салған санкцияларының трансшекаралық салдарларымен күресуге мүмкіндік береді.  Шектейтін ережелер алғаш рет 1996 жылы  Кубаға қарсы санкцияларды айналып өту үшін бекітілді. Алайда ешқашан орындалмады. Бұл ережелер Иранға қатысты қолданыла алу үшін оған өзгеріс енгізіліп, жаңартылуы тиіс болатын.  Еуроодаққа мүше елдер тарапынан ешқандай наразылық болмаса, бұл ережелер 2018 жылдың тамыз айынан  бастап АҚШ-тың Иранға қарсы санкцияларының бірінші кезеңінің іске қосылуымен бір мезгілде орындалуы тиіс. Бұл жаңа қаулы еуропалық компанияларды АҚШ санкцияларының трансшекаралық қырларын ұстануға тыйым салады.  Бұл компаниялар өтемақы алу құқығына да ие болады. Еуропа комиссиясы, сондай-ақ, Еуропаның инвестициялық банктерінен Иранда жұмыс жасап жатқан еуропалық инвесторларды қолдауға міндеттейтін заң бекітті. Аталған шаралардың жиынтығы Еуропаның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын сақтауға бағытталған талпыныстарының жаңа кезеңінің орындалғанын көрсетеді. Қазіргі таңда Еуропа ғана емес, "алтылық" тобының  басқа мүшелері де Трапм пен АҚШ-тың біржақты зорлықшыл ұстанымдары мен шараларына қатысты өз позициясын біржолата анықтап алуы тиіс. Германия канцлері Ангела Меркель Еуропаның АҚШ Президенті Дональд Трампен "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қатысты қайшылықтарын шынайы деп атады. «Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы Иран мен "алтылық" тобы арасында Иранның ядролық  мәселесін шешу үшін жасалған келісім ретінде өзінің тиімділігін көрсетті. Ядролық келісімнен айырылу еуропалықтар үшін әртүрлі қырлар бойынша үлкен жеңіліс саналады. Иран осы күнге дейін сан рет "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына шынайы қарап, ондағы міндеттемелерін орындағанын дәлелдеді. Енді  еуропалықтардың өзінің қауіпсіздігі мен экономикалық мүдделеріне сай "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын сақтау үшін тиісті шара қолданатын кезегі келіп отыр.   

 

Тегтер