Иран полициясының күштері қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Мәскеуге жіберіледі
ИИР Тәртіп сақтау күштерінің Халықаралық полиция бөлімінің басшысы бұл күштердің футболдан әлем чемпионаты кезінде қауіпсіздік орнатуда әріптестік жасау үшін Ресейге жіберілетінін хабарлады.
Сардар Һади Ширзад 2018 жылы футболдан әлем чемпионатының Ресейде өткізілетіндігіне сілтеме жасап: "Бұл күштердің полиция бөліміндегі тәжірибелі мамандары футболдан әлем чемпионаты кезінде қауіпсіздік орнатуда әріптестік жасау, тәртіп сақтау мен қауіпсіздік саласында тәжірибе алмасу мақсатында Ресейге жіберіледі.
Футболдан әлем чемпионаты өткізілетін кезеңде Иран азаматтары әлем чемпионаты өткізіліп жатқан қалаларда төтенше жағдайлар туындаған жағдайда, Ресейдегі полиция қызметімен телефон арқылы байланыса алады.
Сонымен қатар, ирандық отандастар өз қиындықтарын шешу үшін ИИР-ның Ресейдегі елшілігіне жүгіне алады",- деді.
2018 жылғы футболдан әлем чемпионаты бүгін, маусымның он төрті бейсенбі күні Сауд Арабиясы мен Ресей футбол командаларының кездесуімен басталады. Иранның футболдан ұлттық құрама командасы Марокко, Испания және Португалия командаларымен бірге B тобында ойнайды.