БҰҰ-ның бірқатар қызметкері Йеменге оралды
(last modified Mon, 18 Jun 2018 08:31:37 GMT )
Маусым 18, 2018 14:31 Asia/Almaty

Йемендегі мемлекеттік ақпарат көздері Йеменнің батысындағы әл-Ходейда айлағындағы БҰҰ кеңселерінің жұмысын қайта жалғастыру мақсатында осы ұйымның бес қызметкерінің оралғанын хабарлады.

Жуырда БАӘ соңғы бірнеше жылдың ішінде Йеменнің аса маңызды жолы саналатын стратегиялық әл-Ходейда қаласы мен теңіз айлағын басып алу үшін халықаралық ұйымдардың қызметкерлерінен шұғыл түрде бұл қаладан кетуін сұраған болатын.

Al Mayadeen арнасының мәліметіне сәйкес, саудиялық басқыншы коалицияның қырғи ұшақтары өз күштерін Йемен әскері мен халықтық комитет күштерінің қоршауынан құтқару үшін әл-Ходейдадағы әл-Таһайта ауданына қарсы шабуылдарын күшейткен болатын.

БҰҰ-ның гуманитарлық істер жөніндегі үйлестіру кеңсесінің хабарлауынша, Йеменнің батысында орналасқан әл-Ходейда қаласындағы шайқастың жалғасуы салдарынан 5000-ға жуық отбасы өз баспаналарын тастап кетуге мәжбүр болған.

Бұл саудиялық-америкалық колацияның Йемен импортының 70 пайызы мен Йеменге жіберілетін гуманитарлық көмектердің басым бөлігі кіретін стратегиялық әл-Ходейда айлағын бақылауға алуға тыйым салуға талпыныс жасап жатқан жағдайда орын алып отыр.