Тәжікстанда Ресей күштерінің жаттығуы басталды
https://itolqyn.com/news/world-i38209-Тәжікстанда_Ресей_күштерінің_жаттығуы_басталды
Тәжікстан астанасы Душанбенің айналасындағы Лахур әскери аймағында Ресей әскери күштерінің жаттығулары басталды.
(last modified 2026-03-19T23:12:26+00:00 )
Шіл 10, 2018 16:40 Asia/Almaty
  • Тәжікстанда Ресей күштерінің жаттығуы басталды

Тәжікстан астанасы Душанбенің айналасындағы Лахур әскери аймағында Ресей әскери күштерінің жаттығулары басталды.

"Фарс" ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, дүйсенбі күні Лахур әскери аймағындағы 3500 әскеридің қатысуымен басталған ресейлік күштердің алты күндік жаттығуының мақсаты Тәжікстандағы Ресейдің әскери біріліктері мен нысандарын заңсыз қарулы топтардың шабуылдарына қарсы тұру мақсатындағы күш-қуатын арттыру деп жарияланды.

ДАИШ Сирия мен Иракта сәтсіздікке ұшырағаннан кейін және бұл топтың кейбір бөлімшелері  Ауғанстан, Тәжікстан, Өзбекстан мен Түркіменстанға ауыстырылған соң Ресей күштерінің аймақтағы лаңкестікке қарсы жаттығуларын өткізудің маңыздылығы артты.