Харази: "Ортақ қадам" Иран санкциялардан аман-есен өткен жағдайда сақталады
Иранның Сыртқы қарым-қатынастар стратегиялық кеңесінің төрағасы: "АҚШ-тың заңсыз түрде "Ортақ қадамнан" шығуына байланысты бұл келісімнің басқа мүшелері Иранға АҚШ-тың санкцияларынан аман-есен өтуге көмектесуі тиіс",- деді.
ISNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Дүниежүзілік бейбітшілік форумының отырысына қатысу үшін Бейжіңге сапармен барған Сейіт Камал Харази кейбір халықаралық зерттеулер және сыртқы қарым-қатынастар жөніндегі орталықтардың басшыларымен кездесуінде: "Иран "Ортақ қадам" негізіндегі өзінің міндеттемелеріне берік. Бұл келісімнің мазмұны басқа мүшелер тарапынан жүзеге аспаған жағдайда Иранның "Ортақ қадамда" қалуының мағынасы жоқ",- деді.
Харази Иранның аймақта тұрақтылық орнатуда атқарып отырған рөлін еске салып: "Өкінішке орай, аймақтағы лаңкестіктің етек жаюы мен ДАИШ секілді топтардың пайда болуы кейбір аймақ елдерінің қаржылай және логистикалық көмектерінсіз мүмкін емес еді",- деді.
Иранның Сыртқы қарым-қатынастар стратегиялық кеңесінің төрағасы Иран мен ҚХР-ның "Бір белбеу – бір жол" жобасы аясында ынтымақтастық жасауы мен Иранның оңтүстік-шығысындағы Чабаһар және Пәкістандағы Гвадар айлақтарын кеңейту қажеттігін қуаттады.