Бакуде Минск тобы басшыларының отырысы басталды
(last modified Wed, 06 Apr 2016 14:57:28 GMT )
Сәу 06, 2016 20:57 Asia/Almaty
  • Бакуде Минск тобы басшыларының отырысы басталды

Еуропа Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымына қарасты Минск тобының басшылары Бакуде Қарабақ дауы мен Әзірбайжан республикасы және Армения арасындағы жуықтағы текетірестерді шешуді отырыстың өзегі етіп, келіссөздерін бастады.

Еуропа Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымына қарасты Минск тобының ресейлік, фарнцуздық және америкалық басшылары Игорь Попов, Пьер Андрие және Джеймс Варлик Қарабақтағы жуықтағы дағдарысты шешу мақсатындағы келіссөздерін бастады.

Осы мәлімет бойынша, Минск тобының басшылары келіссөздерден кейін Әзірбайжан республикасының президенті Илхам Әлиевпен кездесіп, әңгімелесуді жоспарлап отыр. Минск тобының басшылары аталмыш келіссөзден кейін Қарабаққа да сапар шекпек.

Минск тобының америкалық, француздық және ресейлік басшылары 9- шы сәуір сенбі күні Арменияға сапар шегеді.