Там 07, 2018 20:39 Asia/Almaty
  • Еуропа

Еуропалық комиссия АҚШ-тың Иранға қарсы ядролық санкцияларының қайта күшіне енуімен бір мезгілде "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын қолдауды жалғастыру қажеттігін қуаттады.

Mehr ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Еуропалық комиссия бүгін сейсенбі күні Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында: "АҚШ санкцияларының Иранда жұмыс істеп жатқан еуропалық компаниялардың мүдделеріне әсерін азайту мақсатында Еуропаның жаңартылған бұғаттаушы заңдары күшіне енді. Бұл – Еуропа одағының "Ортақ қадам" бағдарламасын толығымен жүзеге асыруды жалғастыруға бағытталған қолдау шараларының бір бөлігі ғана",- деп жазды.

Еуропа одағының Сыртқы саясат жөніндегі басшысы Федерика Могерини сейсенбі күні: "Иран Ислам Республикасымен әлемдік деңгейде сауда жүргізу қажет. Иран "Ортақ қадам" бағдарламасындағы барлық міндеттемелеріне берік болғандықтан Еуропа одағы Иранмен жан-жақты әрі тиімді ынтымақтастық жасау қажеттігін қуаттап, АҚШ саясаткерлерінің Иранға қарсы жаңадан санкция салу жайлы дәлелдерін қабылдамайды",- деді.

Могерини халықаралық компаниялар мен үкіметтерден де "Ортақ қадам" келісімін сақтап қалу үшін Иранмен сауда-саттық байланыстарын арттыруды сұрады.

 

 

Тегтер