Ресей: Лаңкестер Идлибтегі химиялық шабуыл туралы жалған фильм түсірді
Ресей Қорғаныс министрлігіне қарасты Сириядағы қақтығыстағы тараптарды татуластырумен айналысатын орталық сейсенбі күні: "Лаңкестер Джиср әш-Шугурде химиялық шабуыл туралы жалған фильм дайындады. Енді олар көрсетілу үшін бірнеше ақпарат арнасына жіберіледі",- деп хабарлады.
Аталмыш орталықтың Идлиб облысындағы жергілікті тұрғындардың сөздеріне сілтеме жасаған мәлімдемесінде: "Дайындалған фильм бойынша Сирия армиясы химиялық қару қолданған-мыс",- деп айтылған.
Ресей екі аптадан бері өзінің Қорғаныс және Сыртқы істер министрлігі тарапынан мәлімдемелер жариялап, лаңкестердің Идлиб облысында химиялық шабуыл туралы жалған қойылым дайындап жатқаны туралы сан рет ескерту жасады. Бұл хабарлармен тұспа-тұс АҚШ Сирияның заңды үкіметін Идлибте химиялық шабуыл жасуды жоспарлауда деп айыптап, Сирия мен оның қолдаушыларына ескерту жасады.