Иран мен Әзірбайжан қорғаныс өнеркәсібі бойынша байланыстарын нығайтады
Иран Қорғаныс министрінің өнеркәсіп және зерттеу істері жөніндегі орынбасары Теһран мен Бакудің қорғаныс өнеркәсібіндегі байланыстарды нығайтатынын хабарлады.
ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Иранның Қорғаныс министрінің орынбасары Реза Мозафариниа Бакудегі қорғаныс өнеркәсібіне арналған үшінші халықаралық көрме аясында Иран мен Әзірбайжан Қорғаныс министрлерінің ақпан айындағы қол қойылған ынтымақтастық келісімдеріне тоқталып: «Бұл келісімдер бойынша екі елдің ортақ комиссиясы құрылып, Теһран мен Бакудің қорғаныс саласындағы байланыстары нығая түседі»,- деді.
Бакуде һтіп жатқан көрмеге ирандық делегацияны басқарып барған Иран Қорғаныс министрінің орынбасары, бұл сапарды Әзірбайжан қорғаныс министрлігінің қайраткерлерімен кездесіп, екіжақты ынтымақтастықтарды арттыру саласында келіссөздер жүргізу үшін мұрсат деп атады.
Қорғаныс өнеркәсібіне арналған үшінші халықаралық көрме кеше 28 елдің қатысуымен Бакуде ашылды. Көрмеге 200-ден астам компания теңіз, әуе және құрлық салаларындағы әскери жабдықтарын ұсынды.