Кейбір мемлекеттер Ислам ынтымақтастық ұйымын өз мүдделеріне пайдалануда
Иран Сыртқы істер министрінің құқықтық және халықаралық істер жөніндегі орынбасары кейбір мемлекеттердің қаржы ресурстарын пайдаланып, Ислам ынтымақтастық ұйымын өздерінің сыртқы саясаттарындағы мақсаттарын ілгерілету үшін пайдаланып жатқанын айтты.
ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша Ғоламхосейн Дехқани дүйсенбі күні БҰҰ Бас ассамблеясының 73-ші сессиясы аясында өткен Ислам ынтымақтастық ұйымына мүше елдер Сыртқы істер министрлерінің отырысында АҚШ-тың қазіргі үкіметінің асыра сілтеушілігінің әлемдік қауымдастықтың, әсіресе ислам әлемінің ең маңызды мәселесі екендігіне тоқталып: "БҰҰ мүше елдердің бұл құбылысқа қатаң қарсылығына, әсіресе Бас ассамблея мен Қауіпсіздік кеңесінің отырыстарындағы елдердің бұл құбылысқа наразылық білдіруіне қарамастан АҚШ үкіметі әскери-экономикалық күш-қуатына сүйеніп, халықаралық салада өзінің біржақты саясаттарын іске асыруды көздеуде",- деді.