«Ортақ қадам» келісімін сақтау бағытындағы Еуропаның іс-әрекеттерін сараптау
(last modified Sat, 20 Oct 2018 13:14:06 GMT )
Қаз 20, 2018 19:14 Asia/Almaty
  • «Ортақ қадам» келісімін сақтау бағытындағы Еуропаның іс-әрекеттерін сараптау

Америка басшылары Иранға қарсы санкцияларының екінші кезеңін қараша айының екісінен бастап жүзеге асыру үшін бар күштерін салып жатқан жағдайда хабар дереккөздері Еуропа Одағы сыртқы саясат басшыларының сөздеріне сілтеме жасап, Одақтың Иранмен тікелей ақша төлеу механизмдері бойынша әрекет жасап жатқанын, жақында оны жүзеге асыратын хабарлауда.

Еуропа Одағы сыртқы саясатының басшысы Федерика Могерини осы мәселеге қатысты жақында Еуропа Одағы Иранмен сауда келісімін сақтау үшін қаржы каналдарын қалыптастырып, Американың санкцияларынан айналып өту үшін өз жобасын жүзеге асырып жатқанын айтты.

Еуропа Одағының интернет сайты бір мәлімдемеде Могеринидің сөзіне сілтеме жасап, Еуропа Одағына мүше елдердің қазір қаржы төлемдері каналдарының жүйесін жүзеге асыруға шешім қабылдағанын жазды.  Еуропа Одағы жетекшілерінің Америка шыққаннан кейінгі жағдайда «Ортақ қадамды» сақтап қалу үшін көп уақыттары жоқ. Олар қараша айына дейін өздерінің ұсыныс пакеттерін тапсыруы керек.

Ұсыныс пакеттерінде Американың санкциялары және тығырықты жағдаймен күресетін механизмдер айшықты әрі сезілетіндей болуы керек.

Могерини Еуропа Одағына мүше елдердіңң алдағы апталарда бұл жобаны табысты түрде дамытатындығына сенімді екендігін айтты.

Иран Атом Қуаты Ұйымы басшысының орынбасары Беһруз Камалванди сәрсенбі күні Теһранда Германия СІМ-нің саяси істер директоры Антье Лээндерстемен кездесуде уақыттың шектеулігі мен экономикалық қысымдардың артуына байланысты Иран Американың бір жақты санкцияларымен күресетін шешім жолдарын табу үшін еуропалық тараптан іс жүзіндегі жылдам шараларын күтетінін айтты.  

Spigel online сайты жуырда Германия, Франция және Британия үкіметтері Қаржы министрлерінің Американың санкцияларынан айналып өту үшін Еуропаның тәуелсіз қаржы ұйымдарын қалыптастыру мақсатында ортақ талпыныс жасап жатқанын хабарлады.

Евро арқылы мәміле жасап, әлемде кең таралған осы валютаны доллардың алдында күшейту де сарапшылар қуаттаған шешім жолдарының бірі.

Еуропа одағы әртүрлі себептерге байланысты «Ортақ қадам» келісімін сақтап қалуды қуаттап, Америка президенті Дональд Трамптың алдында қарсы сап құрды.

Могерини былай деді: «Иран өзінің Таяу Шығыста ғана емес, сонымен қатар азиялық елдермен де көптеген мүддеге ие ел екенін білуі керек. Сол себепті өзіміздің азиялық серіктерімізбен «Ортақ қадамды» сақтау үшін көптеген мақсат-мүддеміз бар» деді.

Брюссель басшыларының ядролық келісімді белсенді түрде қолдауына қарамастан олардың іс жүзіндегі әрекеттерінің бос орны әлі сезіліп отыр. Сондықтан қабылданған шешімдер неғұрлым тезірек сөзден іске көшірілуі керек.

Иран СІМ Мохаммад Джавад Зариф Der Spiegel апталық басылымына жуырда берген сұхбатында Иранның мұнай саудасы мен экспортына, сонымен қатар банктік байланыстарға нұқсан келмеуі үшін Еуропа сылбырлық танытып, саудада дисбаланс орнаған жағдайда елінің уран байытуды арттыратынын ескертті.

 

 

Тегтер