Бейжіңде Орта Азияның инвестиция ассоциациясы ашылды
(last modified Thu, 15 Nov 2018 11:35:02 GMT )
Қар 15, 2018 17:35 Asia/Almaty
  • Бейжіңде Орта Азияның инвестиция ассоциациясы ашылды

Бейжіңде Қытай мен Орта Азия елдерінің 600-ден астам қайраткерінің қатысумен Орта Азияның инвестиция ассоциациясы ашылды.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Еуропаның Қайта құру және даму банкінің басшысы Сума Чакрабарти сәрсенбі күні ассоциацияның ашылу рәсімінде Орта Азия елдерінің жан-жақты дамуының маңыздылығына тоқталып, бұл аймақты Еуропа пен Шығыс Азияны байланыстырып тұрған көпір деп атады.

Орта Азияның инвестиция ассоциациясының мүшелері осы рәсімде әртүрлі қаржы мәселелері, "Бір белдеу – бір жол" жобасы, ауыл шаруашылығы, мемлекет пен жеке сектордың инфрақұрылымдар мен энергетиканы дамыту саласындағы әріптестігі мәселелерін талқылады.

Бейжіңдегі Орта Азияның инвестиция ассоциациясы Еуропаның Қайта құру және даму банкі, Қытайдың Халық банкі, Сауда және өнеркәсіп банкінің әріптестігімен құрылды.