Washington Post: Мұхаммад бин Салманның өзі Хашоғджиді өлтіруге бұйрық берген
(last modified Sat, 17 Nov 2018 12:32:22 GMT )
Қар 17, 2018 18:32 Asia/Almaty
  • Washington Post: Мұхаммад бин Салманның өзі Хашоғджиді өлтіруге бұйрық берген

Washington Post газеті Сауд Арабиясы тақ мұрагерінің барлау органдарынан мәлімет алғаннан кейін Хашоғджиді өлтіруге бұйрық бергенін жазды.

Washington Post газетінің мәліметіне сәйкес, есімін жарияламауды сұраған хабардар дереккөзі газетке сұхбат беріп: "АҚШ-тың Орталық Барлау Басқармасы (ОББ) Мұхаммад бин Салманның саудиялық сыншы, журналист Джамал Хашоғджиді өлтіруге бұйрық бергені туралы қорытынды жасады",- деп мәлімдеді.

Осы мәліметке сәйкес, Орталық Барлау Басқармасы бұл нәтижеге қол жеткізу үшін әртүрлі ақпарат көздерін талдап, зерттеген.

Орталық Барлау Басқармасы Сауд Арабиясының Вашингтондағы елшісі Халед бин Салманның Хашиоғджимен телефон арқылы байланысып, Хошиғджиге қажет құжаттарды алу үшін Сауд Арабиясының Стамбұлдағы консулдығына келуін, бұл істің оған қауіп төндірмейтінін айтқанын тыңдаған.

Washington Post Халед бин Салманның Хашоғджимен телефон арқылы байланысып, оның Арабстанның Стамбұлдағы консулдығына келуін сұрауының Мұхаммад бин Салманның өтінішімен жүзеге асырылғанын жазды.

ОББ-ның зерттеу жұмыстарынан хабардар бір америкалық басшы мұндай жағдайдың оның хабарынсыз немесе қатысуынсыз орын алуы мүмкін еместігін айтқан.

Түркиялық күштердің консулдық ғимаратының ішінде орнатқан тыңдау құралы арқылы жазылған аудио файл Орталық Барлау Басқармасы қол жеткізген мәліметі саналады.