Солтүстік Корея АҚШ-қа ескерту жасады
Қаң 01, 2019 13:53 Asia/Almaty
Солтүстік Кореяның Лидері АҚШ санкцияларын жалғастыратын жағдайда, Пхеньянның қатынасын өзгертетінін ескертті.
ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Ким Чен Ын сейсенбі күні Жаңа жылдың басталуына орай сөйлеген сөзінде: «Егер АҚШ Солтүстік Кореяға берген уәделерінде тұрмаса, Пхеньянның өз егемендігі мен мүддесін қорғайтын жолды таңдаудан басқа амалы қалмайды»,- деді.
Солтүстік Кореяның Лидері АҚШ пен Оңтүстік Кореяның Корея түбегіндегі ортақ жаттығуларына қатысты айтқан сөзінде жаттығулардың қайшылық тудырып, аймақ қауіпсіздігін қатерге тірейтінін айтты.
Тегтер