ТМД елдері "Жібек жолы" визасын қолдады
(last modified Wed, 10 Jul 2019 12:38:09 GMT )
Шіл 10, 2019 18:38 Asia/Almaty
  • ТМД елдері

Өзбекстанның Туризмі өркендету мемлекеттік комитеті төрағасы лауазымын уақытша атқарушы ТМД елдерінің "Жібек жолы" визасын қолдағаны туралы хабарлады.

"Фарс" ақпарат агенттігі мәліметінше,  Туризмі өркендету мемлекеттік комитеті төрағасы лауазымын уақытша атқарушы Абдулазиз Аққулов Самарқанд қаласындағы ТМД елдерінің бірінші туристік көрмесінде аталмыш ұйым мүшелерінің Ташкент пен Нұр-Сұлтанның орта Азияда "Жібек жолы" визасын бекіту ұсынысын қабылдағандары туралы хабарлады. Ол: "ТМД елдері Өзбекстан мен Қазақстан үкіметтерінің "Жібек жолы" визасын бекіту ұсынысын іске асыруды қолдады. Осы кезде екі елдің бұл мәселеге қатысты органдары жобаға байланысты кейбір тақырыптарды қарастыруда. ТМД елдері Туризм кеңес отырысының шешімі бойынша, бұл Кеңестің басшылығы Қазақстаннан Өзбекстанға ауысты",- деді.

2018 жылдың маусым айында Қазақстан Парламентінің Төрайымы Дариға Назарбаева Өзбекстан үкіметіне аймақ елдеріне шетелдік туристердін келуін жеңілдету үшін "Жібек жолы" визасын бекітуді ұсынған болатын. Қырғызстан мен Тәжікстан үкіметтері бұл жобаны қолдады.