Джаһангири: АҚШ залым санкцияларынан артқа шегінуі үшін Еуропа оған қысым көрсетуі керек
Иран Вице-президенті: "Еуропа "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына табанды Иранға қысым көрсетуінің орнына залым санкцияларынан артқа шегіндіру үшін АҚШ-қа қысым көрсетуі керек",- деді.
Исхақ Джаһангири сейсенбіде Теһранда "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын сылтауратып, Иран халқына қарсы санкцияларды енгізбеуді қуаттап: "Егер еуропалықтар "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын сақтап қалғысы келсе, бұл халықаралық келісімдегі өз міндеттемелерін орындаулары қажет",- деп қосты. Иран Вице-президенті америкалықтардың ахлаққа және халықаралық құқылар мен "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының негіздеріне қайшы бұл келісімнен шығуларына сілтеме жасап: "Иран бір жыл сабыр етті. Атом Қуаты Халықаралық Агенттігі бұл кезеңде Иранның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасындағы бүкіл міндеттемелеріне табанды болғанын, бірақ басқа тараптардың, әсіресе еуропалық үш мемлекеттің міндеттемелерін орындамағандарын тілге тиек етіп, Иранның өз міндеттемелеррін азайтуға мәжбүр болғаны туралы баса айтты.