Қаз 25, 2019 14:58 Asia/Almaty
  • Теһран-Бакудың ортақ әріптестігі мен байланыстарын кеңейту екі ел мен аймақтың мүддесіне сай

ИИР Президенті Теһран-Бакудың екі жақ ынта танытатын салалар бойынша қарым-қатынасты одан ары дамытуды қолдайтынын айтып: «Ортақ әріптестік пен байланыстарды кеңейту екі халықтың ғана емес, аймақтың да мүддесіне сай келеді»,-деп қуаттады.


 

Хасан Рухан бейсенбі күні Әзірбайжан Президенті Илһам Әлиевпен кездесуінде Бакудың Қосылмау қозғалысына мүше елдер басшыларының 18-шы саммитын жақсы ұйымдастырғаны үшін алғыс айтып: «Иран мен Әзірбайжан басшылары талпыныстарының арқасында екі ел байланыстарының деңгейі қанағаттандырарлық деңгейге көтерілді»,-деді.

Рухани екі елдің экономикалық ынтымақтастықтар туралы ортақ комиссиясының Теһран-Баку әріптестігін одан ары дамытудағы құнды рөліне тоқталып: «Өнеркәсіп салаларындағы әріптестік бойынша екі ел арасында жақсы байланыс қалыптасқан. Иран Әзірбайжан республикасымен  түрлі салаларда екіжақты қарым-қатынасты дамытуға әзір»,-деді.  

Әзірбайжан Президенті ИИР Президентінің Бакуге сапарын екі ел байланысын дамытуға берілген қолайлы мұрсат деп атап: «Иран мен Әзірбайжанның терең тарихи және мәдени ортақ тұстары өзара ынтымақтастықты одан ары дамыту үшін қолайлы жағдай қалыптастырды»,-деді.

 

Тегтер