БҰҰ мен адам құқығы ұйымдары Хашоғджидің өліміне қатысты сот шешіміне наразылық білдірді
(last modified Tue, 24 Dec 2019 16:22:07 GMT )
Жел 24, 2019 22:22 Asia/Almaty
  • БҰҰ мен адам құқығы ұйымдары Хашоғджидің өліміне қатысты сот шешіміне наразылық білдірді

Сауд режимі елінің ішінде қарсыластарын басып-жаншуымен адам құқығын бұзу саласында көптеген тәжірибеге ие. Сауд режимінің адам құқығын бұзуының айқын оқиғаларының біріне осы режимді сынаған танымал журналист Джамал Хашоғджиді айуандыөпен түрде өлтіруі жатады.

 

Саудиялық тақ мұрагері Мұхаммад бен Салманға қарсы болған журналист Джамал Хашоғджи 2018 жылдың 2 қазанында Стамбұлдағы Сауд Арабиясының консулдық қызметіне еніп, консулдықтың ішінде айуандықпен өлтіріліп, мәйіті бөлшектенді. Сауд режимі 19 қазанда 18 күнгі үнсіздіктен кейін бұл оқиғаны теріске шығарған соң әлемдік қауымдастықтың қысымымен Хашоғджидің Сауд Арабиясының Түркиядағы консулдық қызметі ғимаратының ішінде өлтірілгенін мойындады. Сауд режимі дағдарыстан шығу үшін бұл қылмысқа қатыстыларға қылмыстық іс қозғады. Бірақ саудиялықтардың бұл жасанды әрекеттері БҰҰ және адам құқығы ұйымдарының теріс реакциясымен бетпе-бет келді. БҰҰ-ның заңсыз кісі өлімі жөніндегі арнайы тілшісі Агнас Калламар Сауд Арабиясы сот билігінің Хашоғджидің өліміне қатысты шығарған үкімдерін «күлкілі» деп атады.
БҰҰ тілшісі жағдайды сот әділеті қағидасына қайшы деп сипаттады. Негізінде әлемдік қоғамдық пікір мен адам құқығына байланысты халықаралық ұйымдар Сауд режимін шамамен 15 айдан кейін Хашоғджидің өліміне қатысты айыпталғандардың кейбіреуіне сот шешімін қабылдауға мәжбүрледі. Сауд Арабиясының соты дүйсенбі күні Хашоғджи ісіне қатысты бес айыпталушының өлім жазасына, тағы басқа үш адамды абақтыға жабуға шешім қабылдады. Сауд режимі әлемнің ең басып-жаншушы режимдерінің бірі саналады. Саудиялық басшылар өз сыншылары мен қарсыластарын қорлап, тұтқындап, кейбір жағдайларда өлім жазасын қолданады.  Батыстың үлкен үкіметтері, Германия, Франция мен Британия сынды еуропалық мемлекеттерден АҚШ пен Канадаға дейін Сауд режимін адам құқығын бұзғаны үшін айыптайды. Бірақ Рияд арасындағы әскери және қару-жарақ қарым-қатынастарын үзбейді. Олар адам құқығы туралы уәждеріне қарамастан Сауд Арабиясындағы адам құқығы жағдайы мен Сауд режимінің Хашоғджиді айуандықпен өлтіруі мен Йеменге қарсы соғысындағы саудиялық коалицияның қылмыстарын көрмегендей болып отыр. АҚШ Президенті Дональд Трамп секілді кейбіреулер билік басына келісімен АҚШ-пен одақтас елдердің ішкі мәселелерінде, әсіресе адам құқығы жағдайында жұмысы жоқ екенін жариялады. Вашингтонның адам құқығы мәселесіне байланысты екіжүзділігі дұшпандарына немесе бәсекелестеріне қолданылады. Ал Сауд Арабиясы сынды Вашингтонмен дос әрі одақтас елдердегі адам құқығы мәселесіне немқұрайдылық көрсетіледі.