Помпео мен Нетаньяху Иранға қарсы ұстаным білдірді
(last modified Thu, 02 Jan 2020 11:51:51 GMT )
Қаң 02, 2020 17:51 Asia/Almaty
  • Помпео мен Нетаньяху Иранға қарсы ұстаным білдірді

АҚШ Мемлекеттік хатшысы мен сионистік режимнің Премьер-министрі телефон арқылы сұхбаттасып, Иранға қарсы ұстаным білдірді.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео бейсенбі күні сионистік режимнің Премьер-министрі Беньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сұхбаттасқанын хабарлады.

Бұл АҚШ Мемлекеттік хатшысы мен сионистік режим Премьер-министрінің  өткен үш күнде Иран туралы сөйлескен үшінші сұхбаты болды.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы осы телефон арқылы сұхбатта Вашингтонның Израильді қолдайтынын және Иранға қарсы тұратынын қуаттап, Ирак халқының Бағдадта АҚШ елшілігінің алдында наразылық білдіруін айыптады.

Мыңдаған ирактық АҚШ-тың Ирактың батысындағы әл-Анбар облысының әл-Қаем қаласындаХашд әш-Шааби халықтық ұйымының позицияларына әуеден шабуыл жасағанына наразылық ретінде АҚШ елшілігі алдында жиналды.

Тегтер