Қытайда коронавирустан 27000-нан астам адам жазылды
Ақп 25, 2020 18:08 Asia/Almaty
Қытай Ұлттық денсаулық комиссиясы осы кезге дейін коронавирусқа шалдыққан 27471 адамның жазылып, ауруханалардан шыққанын жариялады.
Fars News ақпарат агенттігінің мәліметінше, Қытай Ұлттық денсаулық комиссиясы сейсенбі күні бұл елде коронавирусқа шалдыққан адамдардың санының 77658 адамға жеткеніне тоқталып, осы кезге дейін шамамен 27471 адамның жазылып, ауруханалардан шыққанын хабарлады. Бұл комиссияның жариялау бойынша, өткен 24 сағатта Қытайда 71 адамның қаза болуымен, коронавирустан өлгендердің саны 2665 адамға жетті.
Желтоқсанның соңында алғаш рет Қытайдың Хубей облысының Ухань қаласында табылған коронавирус бұл елдің 30 облысымен бірге әлемнің 24 еліне таралды.
Тегтер