Еуропа мен Америкадағы коронавирус дағдарысы
(last modified Wed, 11 Mar 2020 11:30:59 GMT )
Нау 11, 2020 17:30 Asia/Almaty
  • Еуропа мен Америкадағы коронавирус дағдарысы

Еуропа мен АҚШ-та коронавирусқа шалдыққандардың саны артты. Осы кезде барлық еруопалық мемлекеттер коронавирус мәселесімен бетпе-бет келіп отыр.

АҚШ Президенті Дональд Трамптың айтуынша, осы кезде АҚШ-та коронавирусқа 804 адам шалдығып, оның 30 қаза тапты. Осы күні коронавирус  АҚШ-тың 35 штатына таралды. АҚШ ауруханалары қауымдастығы жексенбі күні өз мәлімдемесінде: «Америкада  болжаулар бойынша 96 миллион адам коронавирусқа шалдығып, олардың 480000 өлміге ұшырайды»,- деп жариялады. Еуроодақ елдері де коронавирус дағдарысына шырмалып, еуропалық басшылардың көбі карантинде қалып отыр. Франция коронавирусқа шалдыққандар саны тұрғысынан Еуропаның Италиядан кейінгі екінші мемлекеті. Германия Канцлері Ангела Меркель де бұл елдің халқының 60-70 пайызының коронавирусқа шалдығу ықтималы жөнінде айтты.