Қытайдың жануарларға жасаған коронавирус вакцинасының сынағы сәтті өтті
https://itolqyn.com/news/world-i46673
Қытай ақпарат көздері коронавирус вакцинасының жануарларға жасалған сынағының сәтті өткенін хабарлады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Maм 08, 2020 16:50 Asia/Almaty
  • Қытайдың жануарларға жасаған коронавирус вакцинасының сынағы сәтті өтті

Қытай ақпарат көздері коронавирус вакцинасының жануарларға жасалған сынағының сәтті өткенін хабарлады.

 

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша,  Қытайдың «И-си» сайты жұма күні: «Бейжің қаласындағы «Синуак Биотак» вакцина компаниясы «Пику Вакс» вакцинасын өндіріп, маймылдарға сынап көрді. Сынақ сәтті өтті»,-деп хабарлады.

Осы мәлімет бойынша, вакцина маймылдарға егілгеннен кейін оларда антидене қалыптасып, олардың иммундық жүйесі вирусты жоя алатын деңгейде күшейді.

Вакцинаны сынау барысында үш аптадан кейін маймылдарға коронавирус егілді, бір аптадан кейін тексергенде маймылдардың өкпесі вирустан таза болып шықты.

Алғаш рет Ухань қаласында байқалған коронавирус әлемнің бүкіл жеріне таралды.

Әлемде вирус жұқтырғандар саны 3 млн 830 мың адамнан асты. Олардың кемінде 265 мыңы көз жұмды. 1 млн 310 мың адам жазылып, ауруханалардан шығарылды.