Еуропа халқы қара нәсілділерге қарсы нәсілдік кемсітушілік жойылып, әділет орнауын талап етуде
(last modified Sun, 14 Jun 2020 15:27:17 GMT )
Маусым 14, 2020 21:27 Asia/Almaty
  • Еуропа халқы қара нәсілділерге қарсы нәсілдік кемсітушілік жойылып, әділет орнауын талап етуде

АҚШ полициясының қара нәсілділерге қарсы қатігездігі бұрын басталса да, Джордж Флойд есімді қара нәсілдінің Миннессота штатындағы Миннеаполис қаласында ақ нәсілді полицейдің қолынан қаза табуы осы елдің түкпір түкпірінде бұрын соңды болмаған наразылық отын тұтатып қана қойған жоқ, оны Еуропаға да таратты.

Наразылықтардың жаңа легінде мыңдаған швейцариялық сенбі күні Цюрих қаласында нәсілдік кемсітушілік пен Джордж Флойдтың өліміне қарсылық білдіріп көшеге шықты. Шерушілер Флойдты өлтірген адамға қатысты әділ шешім шығарылуын талап етті. Наразылар плакаттар ұстап шығып, әлем елдерінен түрлі түстілерге қарсы нәсілдік кемсітушілікті және әділетсіздікті доғаруды сұрады. Шерушілер «Қара нәсілділердің жаны қымбат» және «Адамдардың бәріне бірдей әділет пен теңдік» деген ұрандар айтты.

Ұлыбританияда Лондон, Брайтон, Ньюкасл мен Бристоль қалаларында да нәсілшілдікке қарсы шерулер өтті. Наразылар Лондонда Британияның бұрынғы Премьер-министрі әрі 20 ғасырдағы отаршылдықтың басты қолдаушыларының бірі Уинстон Черчилльдің мүсінінің бір бөлігіне «Черчилль нәсілшіл болған» деп жазды. Бристольда да наразылар Ұлыбританиядағы құл иеленушіліктің  символы болған  Эдуард Келстонның ескерткішін құлатты.  

Трамп билік басына келгеннен кейін Еуропа халқының алаңдаушылығын тудырған маңызды мәселе Еуропа елдерінде әсірешілдердің мигранттарға,  нәсілдік және діни азшылықтарға қарсы қатігездік жасауға ынталарының артуы болды. «Вашингтон Пост» газетінің жазуынша, «Еуропадағы африкалықтардың үштен бірі нәсілдік кемсітушілікке ұшырып отырғанын айтқан».

Нәсілдік кемсітушілік пен қара нәсілділерге қарсы қатігездіктерге қарсылардың наразылық білдіруі оңшыл нәсілшілдердің реакциясына ұшырады. Сенбі күні Лондонда әсіре оңшыл ақ нәсілділердің қалың тобы қала көшелеріне шығып, «Қара нәсілділердің жаны қымбат» атты қозғалысқа қарсы ұрандар айтып, қатігездікке толы әрекеттер жасады. Лондонның нәсілшілдері Ұлыбританиядағы әсіре оңшыл ағымның басшыларына тиесілі ұрандар мен әндерді бірге орындады. Әсіре оңшыл «Уинстон Черчилль – біздің біріміз» деген ұран да айтты.  

Қазір Ұлыбританияда АҚШ-тағы сияқты нәсілшілдік мәселесі қоғамдағы үлкен мәселелердің бірі саналады. Осы елдің Өкілдер палатасындағы Жұмысшылар партиясы өкілдерінің бірі: «Бұл елде қара нәсілділерді полиция тоқтатып, тексеру жайттары ақ нәсілділерден 9 есе көп»,-деді.

 

Тегтер