Коронавирустың таралуына байланысты Бейжіңде жағдай ушықты
Маусым 17, 2020 18:54 Asia/Almaty
Қытайдың Ұлттық денсаулық сақтау комиссиясы сәрсенбі күні Бейжің қаласында коронавирус жұқтырған 31 адам анықталған соң қалада жалпы вирус жұқтырғандар санының 106 адамға жеткенін хабарлады.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Бейжің әкімшілігіндегі бір қызметкер қаладағы төтенше жағдайдың үшінші деңгейден екіншіге өзгергенін айтты.
Осы уақытқа дейін Қытайда коронавирусқа шалдыққандар саны 83181 адамға, көз жұмғандар саны 4634 адамға жетті.
Тегтер