Таулы Қарабақ қақтығыстарының 11 күні
https://itolqyn.com/news/world-i48545
Әзірбайжан мен Армения арасындағы әскери қақтығыстар 11 күн бойы жалғасуда.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаз 07, 2020 16:11 Asia/Almaty

Әзірбайжан мен Армения арасындағы әскери қақтығыстар 11 күн бойы жалғасуда.

 

Әзірбайжан Қорғаныс министрлігі ел күштерінің әскери операция және артиллериямен Армения армиясының  бесінші полкінің командалық пунктін жойғанын және армениялық әскерилердің өлгені және жарақат алғандарын хабарлады.

Армения да Баку-Тбилиси-Джейхан мұнай құбырын зымырандық нысанаға алды. Зымыран құбырдан 10 метр жерге құлап, оған зардап келтірмеді. Қарабақ аймағындағы қақтығыстар жалғасуда. Әзірбайжан қорғаныс министрлігі қақтығыстың жалғасуын қуаттай отырып, Арменияның әскери позицияларына ауыр соққы беруді бұйырды. Қарабақ басшыларының мәліметінше, аймақ халқының жартысы босқынға айналып, 280-ден астам әскериі қаза тапты.