Қарабақтағы қақтығыстардың 13 ші күні
Әзірбайжанның Қорғаныс министрлігі жұма күні Баку Ереван қайшылығының 13 ші күнінде: «Ел армиясы Джебраил қаласын Армения күштерінен азат етті», деп мәлімдеді.
Әзірбайжанның Қорғаныс министрлігі: «Ел армиясы Армения күштерінің Ханкенді қаласындағы бір бекінісіне ауыр шабуыл жасады. Нәтижесінде бұл бекініс босатылып, көптеген армян сарбазы қаза тауып, жараланды»,‑деді.
Армения үкіметінің басшылары әлі күнге дейін Әзірбайжан Қорғаныс министрлігінің осы мәлімдемесіне реакция білдірмеді.
Мұнымен бір мезгілде Ресей СІМ Әзірбайжан мен Армения Сыртқы істер министрлерінің екіжақты келіссөз өткізу үшін Мәскеуге келгенін хабарлады.
Әзірбайжан Президентінің әскери істер жөніндегі көмекшісі Иранның Қарабақ қайшылығына қатысты ұстанымына алғыс білдірді. Генерал‑полковник Магеррам Алиев Бакудың Нахичевань қоршалған кездегі Теһранның қолдауын ұмытпағанын айтты.