Нигерия халқының шейх Закзакиді қолдау наразылықтары жалғасуда
(last modified Wed, 25 Nov 2020 14:20:57 GMT )
Қар 25, 2020 20:20 Asia/Almaty
  • Нигерия халқының шейх Закзакиді қолдау наразылықтары жалғасуда

Нигерия мұсылмандарының басшысы шейх Ибрахим Закзакидің тұқынының жалғасуына байланысты бұл елдің мұсылмандары Абуджада шеруге шығып, шейх Закзаки мен әйелінің тұтқынының жалғасуын айыптап, шейхты азат етуді талап етті.

 

Шерушілер қолдарына шейх Закзакидің суреттерін ұстап, бұл елдің исламдық қозғалысының басшысын қолдайтындарын жариялады. 

Шейх Ибрахим Закзаки мен әйелі 2015 жылдың 13 желтоқсанында Нигерия әскерлерінің шабуылы кезінде тұтқындалды. Осы кезде шейх Закзаки мен әйелінің Зариф қаласының хосейниесінде (діни рәсімдер өтетін жер) тұтқындалып, әскери күштердің бұл елдің мұсылмандарына қысым арттыруына шамамен бес жыл болды. Бүкіл қысымдарға қарамастан Нигерия мұсылмандары сан рет елдің әртүрлі қалаларында шейх Закзакиді азат етуды талап ететін шерулер өткізді. Бірақ мұсылмандардың кез келген шерулері Нигерияның қауіпсіздік күштерімен басылып-жаншылды. Өткен бір жылда шейх Закзакидің жалпы денсаулығы нашарлап, Нигерия исламдық қозғалысы кеңсесі бұл жөнінде және ауруының асқынып бара жатқанын бірнеше рет ескертті. Не дегенімен шейх Закзакидің тұтқындалуымен соңғы жылдары Нигерия мұсылмандарына қарсы қысым күшейе түсті. Нигерия үкіметі елдегі мұсылмандардың кез-келген жиынына тыйым салды және Нигерия қауіпсіздік күштері діни рәсімдерге қатысатын мұсылмандарға зорлық-зомбылық көрсетеді. Нигерия басшыларының пікірінше, шейх Закзаки - мұсылмандар арасындағы бірлік пен жанашырлықтың қайнар көзі. Негізінде бұл елдің кейбір басшылары шетелдік үкіметтердің, соның ішінде Израиль мен АҚШ-тың қысымымен, мұсылмандар арасындаға бірлікке  және олардың Нигерияның саяси және экономикалық өміріне қатысуларына қарсылық білдіруде. Нигерия билігінің шейх Закзакиді сахнадан кетіру қысымын жалғастыруына қарамастан, Нигерия мұсылмандары ғана емес, әлемдегі мұсылман қоғамы да мұндай саясатты қабылдамайды және олар әлем мұсылмандарын қолдап,    Закзакиді босатуды талап етуді. Пәкістан мұсылмандар бірлігі партиясының ақпарат өкілі Мақсуд Хұсейн Думаки: «Закзаки - әлемдегі миллиондаған мұсылмандардың сүйікті қайраткері және әлем мұсылмандары оның ислам дінін тарату саласындағы  қызметі мен жанкештілігін ұмытпайды»,- деді.