Қазақстан, Қырғызстан мен Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар саны артты
Жел 21, 2020 16:10 Asia/Almaty
Қазақстан, Қырғызстан мен Өзбекстанның денсаулық сақтау министрліктері бұл елдерде коронавирус жұқтырғандар санының артқанын хабарлады
Қазақстанның коронавируспен күрес комиссиясы дүйсенбі күні: «Өткен 24 сағатта елде тағы 652 адам коронавирус жұқтырды. Жалпы індетке шалдыққандардың саны 147236 адамға жетті»,-деп хабарлады. Қазақстанда індеттен 2186 адам көз жұмды, 131606 науқас сауығып шықты.
Қырғызстан Денсаулық сақтау министрлігі: «Бұл елде өткен 24 сағатта вирус жұқтырған 132 адам тіркелді»,-деп хабарлады.
Өзбекстан Денсаулық сақтау министрлігі бұл елде өткен 24 сағатта тағы 115 адамнан вирус анықталғанын айтты.
Тегтер