Нау 01, 2021 15:55 Asia/Almaty
  • Үндістан Иранның Чабаһар айлағымен сауда қатынасын кеңейтуді қалайды

Үндістан үкіметі Иранның Чабаһар айлағымен сауда қатынасын кеңейтуге талпыныстарын жалғастыратынын айтты.

Үндістанның Айлақтар және кеме қатынасы министрлігі: «Үндістанның Джавахарлал Неру және Диндаял айлақтары Иранның Чабаһар айлағы арқылы сауда-саттықты кеңейту мақсатында кемемен жүк тасымалдаумен айналысатын компанияларға тауар транзиттеуге жеңілдік жасайды»,-деп мәлімдеді.

Үндістанның Айлақтар және кеме қатынасы министрлігінің мәлімдемесінде: «Чабаһар айлағына жүк тасымалдау үдерісі жалғасып жатыр. Ауғанстаннан тауар транзиттеу де артып келеді»,-делінген.

Осы мәлімдемеге сәйкес, 2021 жылдың 31 қаңтарына дейін шамамен 123 кеме Чабаһар айлағының шәһид Беһешти кемежайына тоқтады.

Тегтер