Нау 12, 2021 19:04 Asia/Almaty
  • Хатибзаде: 6 жыл бұрын көтерілген «Үш аптада Йеменді жаулап алу» идеясы жүзеге аспады

ИИР СІМ-нің ақпарат өкілі Твиттердегі жеке парақшасында Сауд Арабиясының Йеменге әскери басқыншылығы мен халықты қоршауын тоқтату қажеттігін баса айтып: «6 жыл бұрын үш аптада Йеменді жаулап алу туралы идея жүзеге аспады»,-деді.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Саид Хатибзаде бейсенбі күні Твиттердегі жеке парақшасында Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының атқарушы директорының Йеменде қуаңшылық болғаны, 400 мыңнан аса баланың тамақ тамшылығына ұшырағаны, Сауд Арабиясы бастаған коалиция тарапынан Йемен халқының бомбаланғаны және қоршауға алынғаны туралы сөздеріне тоқталып: «Сауд Арабиясы ақлақтық принциптерді аяқ асты етіп, Йеменнің қуаңшылық пен қоршаудан зардап шегіп отырған халқын бомбалап жатыр»,-деп жазды.

Хатибзаде: «Сауд Арабиясы осы қырып-жоюды тоқтатып, мұсылмандар мен арабтарға қарсы соғысты доғаруы тиіс»,-деді.

Тегтер