Ресей Қазақстанда атом стансасын салуға дайын
(last modified Wed, 21 Apr 2021 11:40:07 GMT )
Сәу 21, 2021 17:40 Asia/Almaty
  • Ресей Қазақстанда атом стансасын салуға дайын

Қазақстандағы Ресейдің елшісі Нұр-Сұлтандағы кездесуінде өз елінің Қазақстанмен атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастығын жоғары бағалап: «Егер үкімет АЭС салу туралы шешім қабылдаса, Ресей толық дайын»,- деді.

Fars News агенттігінің сәрсенбі күнгі мәліметінше, Қазақстандағы Ресейдің елшісі Алексей Бородавкин: «Ресей аймақтық және екіжақты жобаларды іске асыру арқылы елмен қарым-қатынасты одан әрі кеңейтуге мүдделі»,- деп сөзін жалғады.

 

Тегтер