Путин Беларусьпен ынтымақтастықты арттыруды және Батыстың қысымына қарсы бұл елді қолдауды қуаттады
Еуропалық Одақ пен АҚШ жолаушылар ұшағының мәжбүрлі түрде қонуы үшін Беларуське қарсы қысым жасаудың жаңа кезеңін бастаған жағдайда, Ресей Президенті Владимир Путин жұма күні беларуссиялық әріптесі Александр Лукашенкомен Сочиде кездесіп, бұл елге қолдау көрсетіп, ынтымақтастықты дамытуд қуаттады.
Путин Батыс елдерінің Беларуське қарсы әрекеттерін «эмоциялардың шарықтау шегі» деп атап: «Мәскеу мен Минскінің бұл оқғадан басқада келіссөздер жүргізуге көптеген мәселелері бар»,- деді. Ол Ryanair компаниясы ұшағының Минскке мәжбүрлі түрде қонуы туралы Батыс елдерінің әрекеттері мен дүрбелеңің сынап: «Кезінде Боливияның бұрынғы Президенті Эво Моралес мінген ұшақ Еуропада қонуға мәжбүр болды және президент ұшақтан біраз уақытқа түскен, бірақ сол кезде барлық батыс елдері бұл оқиғаға мүлдем үнсіз қалды»,- деп мәлімдеді. Путин Батыстың мәселелерді шешудегі, оның ішінде жеке тұлғалармен қарым-қатынасындағы екіжүзді стандарттарына сілтеме жасады. Батыстықтар өз мүдделері үшін заңсыз жолды қолданып, Боливия Президенті Эво Моралес мінген ұшақты 2013 жылдың шілдесінде Вена әуежайына Эдвар Сноуденді тұтқындауды сылтауратып шұғыл қонуға мәжбүр етті. Путиннің Лукашенкомен кездесуі кезінде баса назар аударған тағы бір мәселе екі ел арасындағы қатынастарды, әсіресе экономикалық және сауда саласындағы қатынастарды кеңейту болды. Оның айтуынша, осы жылдың бірінші тоқсанында Ресей Беларусьтің негізгі сауда-экономикалық серіктесі болды, ал екі ел арасындағы сауда көлемі 18,4 пайызға өсті. Өткен жылы Ресей мен Беларусь арасындағы тауар айналымы шамамен 29 миллиард долларды құраған және екі оны арттыруға ниетті. Ресейдің Беларусьті қолдауы Батыстың үстемдігіне қарсы үкіметке көмектесуге, сондай-ақ Батыс шабуылдарына қарсы тұруға бағытталған. Лукашенконың пікірінше, батыс елдері «Вильнюс - Киев» тізбегінде Беларусьті нысанаға алып, Ресей мен Батыс арасында тосқауыл құруду көздеуде.