Раиси: Теһран Иран мен Ресей арасында жан-жақты ынтымақтастық құжатын қорытындылауға дайын
(last modified Thu, 19 Aug 2021 15:40:07 GMT )
Там 19, 2021 21:40 Asia/Almaty
  • Раиси: Теһран Иран мен Ресей арасында жан-жақты ынтымақтастық құжатын қорытындылауға дайын

Иран Президенті: «Теһран тез арада Иран мен Ресей арасында жан-жақты ынтымақтастық құжатын қорытындылауға дайын»,-деді.

Иран Президентінің кеңсесі ақпарат агентігінің хабарлауынша, сейіт Ибраһим Раиси сәрсенбі күні Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сұхбаттасып, Мәскеуге Иранды Шанхай ынтымақтастық ұйымына қабылдау үдерісін бастағаны үшін алғыс айтып, оны Теһран мен Мәскеу арасында жақсы қарым-қатынасты нығайту жолындағы шаралар деп бағалады.

Иран Президенті коронавирустың таралуының алдын алу және Иранмен ортақ вацина жасауға талпыну жолындағы Ресеймен әріптестікті еске салып: «Иран қазіргі қысылтаяң жағдайда көбірек вакцина сатып алуды қажет етіп отыр»,-деді.

Ресей Президенті Иранмен қарым-қатынасты дамытудың Ресей үшін аса маңызды екенін айтып: «Екіжақты ынтымақтастық келісімін жасау ұсынысын қабылдаймыз да қолдаймыз»,-деді.

Владимир Путин  Иранға вакцина жіберу үдерісінен хабардар екенін айтып: «Қыркүйек айында Иранға вакцина жіберу жылдамдай түседі»,-деді.