Иранның Женевадағы өкілі: Теһран Ауғанстанда адам құқығының бұзылуын айыптайды
(last modified Wed, 25 Aug 2021 11:37:42 GMT )
Там 25, 2021 17:37 Asia/Almaty
  • Иранның Женевадағы өкілі: Теһран Ауғанстанда адам құқығының бұзылуын айыптайды

БҰҰ-ның еуропалық кеңсесіндегі Иранның тұрақты өкілі әрі елшісі сейсенбі күні Женевада: «Теһран үкіметі Ауғанстанда кез келген қатыгездік, экстремизм, адам құқығын және гуманистік заңдардың бұзылуын қатаң айыптайды»,-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Исмаил Бағаи Хамане БҰҰ Адам құқығы кеңесінің Ауғанстан туралы арнайы отырысында ауғандардың өз Отанында бейбіт өмір сүріп, заңсыз әскери араласушылықсыз-ақ көршілес елдермен жақсы қарым-қатынаста болуға құқылы екенін айтып: «Мұндай жағдайды қамтамасыз ету Ауғанстандағы барлық ұлт және мазхаб өкілдерінен тұратын біртұтас үкіметтің ғана қолынан келеді»,-деді.  

Бағаи Хамане АҚШ-тың Ауғанстанды қиратып, шетсіз-шексіз үмітсіздік пен тұрақсыздыққа батырып, бейберекеттік пен тұрақсыздықты аймаққа таратқанын айтып: «Америкалықтар Ауғанстанда әскер ұстағанының ауыр салдарына жауапкершіліктен қаша алмайды»,-деді.