Өзбекстан мен Қазақстан басшылары телефон арқылы сөйлесті
(last modified Sat, 28 Aug 2021 10:27:31 GMT )
Там 28, 2021 16:27 Asia/Almaty
  • Өзбекстан мен Қазақстан басшылары телефон арқылы сөйлесті

Өзбекстан мен Қазақстан басшылары телефон арқылы сұхбаттасып, аймақтық мәселелер, соның ішінде Орта Азияның қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Ауғанстандағы дағдарыс туралы пікір алмасты.

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев өзінің қазақ әріптесі Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылы сұхбатында сауда-экономикалық, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, тасымал, туризм және мәдениет салаларында екі елдің жан-жақты әріптестігін дамыту мәселелерін талқылады.

Өзбекстанда Қазақстанның инвестициясымен 260 компания құрылыс, ауыл шаруашылығы, сауда, тамақ өнеркәсібі, металлургия және машина жасау салаларында жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ, 3 қазақстандық компанияның өкілдігі Өзбекстанның Сауда-экономикалық қарым-қатынас және инвестиция министрлігі тарапынан тіркеуден өтті.  

Өзбекстан Президенті осы сұхбатта өз елінің Қазақстанға Жамбыл облысының Байзақ ауылында болған оқиғаның салдарын жоюға көмектесуге дайын екенін мәлімдеді.  

Тегтер