Амир Абдуллахиан мен Ле Дриан Ауғанстанда біртұтас үкімет құру қажеттігін айтты
(last modified Thu, 02 Sep 2021 08:52:25 GMT )
Қыр 02, 2021 14:52 Asia/Almaty
  • Амир Абдуллахиан мен Ле Дриан Ауғанстанда біртұтас үкімет құру қажеттігін айтты

Иран мен Франция Сыртқы істер министрлері телефон арқылы сұхбатта екіжақты, аймақтық және халықаралық қарым-қатынастағы маңызды өзгерістер жайлы пікір алмасты.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Жан-Ив Ле Дриан осы сұхбатта Иран Сыртқы істер министрін құттықтап, тараптарға қызықты тақырыптар жайлы келіссөздерді кеңейтуді қалайтынын білдірді. 

Абдуллахиан: "АҚШ үкіметі "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан заңсыз түрде шығып, Иран халқына зұлым санкцияларды таңғандықтан жəне Еуропа тараптары əрекетсіздік танытқандықтан қазіргі жағдайға жауапты, сондықтан ядролық келісімдегі міндеттемелерін толық орындауға қайтып оралуы тиіс. Осы негізде ИИР өз халқының құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз етуде сезілерлік нәтиже беретін келіссөздерге ғана қатысады",-деді.