Раиси Макромен телефон арқылы сұхбаттасты
https://itolqyn.com/news/world-i55074
ИИР Президенті Франция Президентімен телефон арқылы сұхбатында: «Иран Франциямен сауда-экономикалық салада өзара қарым-қатынасты дамытуды қолдайды»,-деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қыр 06, 2021 23:35 Asia/Almaty
  • Раиси Макромен телефон арқылы сұхбаттасты

ИИР Президенті Франция Президентімен телефон арқылы сұхбатында: «Иран Франциямен сауда-экономикалық салада өзара қарым-қатынасты дамытуды қолдайды»,-деді.

Иран Президентінің кеңсесі баспасөз қызметінің хабарлауынша, сейіт Ибраһим Раиси жексенбі күні Эммануэль Макронмен телефон арқылы сұхбатында: «Еуропамен жан-жақты әріптестікті Франциядан бастауға дайынбыз»,-деді.

Иран Президенті ДАИШ-ты америкалықтар құрып, оған қолдау көрсеткенін айтып: «Америкалықтар ДАИШ пен жаңа терроризмді қолдағаны үшін әлемдік қауымдастық алдында жауап беруі тиіс»,-деді.

Раиси америкалықтардың Ауғанстанда үлкен қателіп жасағанын айтып: «Ауғанстан халқына өз тағдырын анықтауға рұқсат беріп, бұл елде барлық топтардың қатысуымен бүкілхалықтық үкімет құрылуына көмектесуіміз керек»,-деді.

Франция Президенті осы телефон арқылы сұхбатта Иранда ауған мигранттардың барына тоқталып, БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі жоғары комиссариятының осы салада Иранға көмектесуі қажеттігін айтты.