Раиси: Арбағин рәсімінде ирандық зияратшылардың саны артады
https://itolqyn.com/news/world-i55208
ИИР Президенті Ирак Премьер-министрімен ортақ баспасөз отырысында: «Арбағин рәсімінде ирандық зияратшылардың саны артады»,-деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қыр 12, 2021 22:07 Asia/Almaty

ИИР Президенті Ирак Премьер-министрімен ортақ баспасөз отырысында: «Арбағин рәсімінде ирандық зияратшылардың саны артады»,-деді.

Сейіт Ибраһим Раиси жексенбі күні Ирактың Премьер-министрі Мұстафа әл-Каземимен отырыстан кейін тілшілерге берген сұхбатында: «Иран мен Ирактың саяси-экономикалық және мәдени салалардағы қарым-қатынасы өте жақсы. Бірақ одан ары дами түсе алады»,-деді.

Раиси: «Екі ел арасында визаны алып тастау Ирак Премьер-министрінің Иран үшін жақсы хабары болды»,-деді.

Раисидің айтуынша, Теһран мен Бағдадтың терең қатынасы екі халық пен үкіметтің жүрегіндегі ортақ сенімдерден бастау алады.

Ирак Премьер-министрі ИИР-ға ДАИШ-пен күресуге көмектескені үшін алғыс айтты.