Қалибаф АҚШ-тың аймақта діни соғыс тудыру жоспары туралы ескертті
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы АҚШ пен сионистердің аймақта діни соғыс тудыру жоспары туралы ескертті.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мұхаммед Бағер Қалибаф сенбі күні 35-ші "Ислам бірлігі" атты халықаралық конференцияның жабылу рəсімінде: "Бүгінде жасырын күштер мұсылмандар арасына діни-қауымдық іріткі салып, оларды аймақта азаматтық соғысқа, бауырласты өлтіруге итермелеуге тырысып жатыр. Ауғанстан мен аймақтың түкпір-түкпірінде осы жасырын күштердің ізі байқалады. Олар діни соғыстар тудырып, аймақта бейберекеттік жағдайды сақтауды көздейді",-деді.
Қалибаф: "Үстемшілдермен күрестің басты жолы - қисынға негізделген күрес. Дұшпанның жоспарларын білу керек. Сол үшін ислам үмбетін хабардар ету арқылы нақты жоспар құру керек",-деді.
Ол: "ИИР əрдайым аймақта бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтап, шетелдік араласушылықтан туындаған азаматтық соғыстардың, аймақ елдерін бөлшектеуді көздеп іріткі салудың алдын алуға қадам жасап келеді жəне біртұтас ислам үмбетін құру үшін жан аяп қалмайды",-деді.