Давудоғлы Путинның Түркия мен Сирия шекаралары туралы сөзін сынады
Түркияның үкімет басшысы Ресей президентінің Түркия мен Сирия шекараларын жауып тастау қажет деген сөзін сынады.
Түркияда шығатын «Milliyet» газетінің интернет торабының мәлімдеуінше, Түркияның үкімет басшысы Ахмад Давудоғлы Страсбургке аттанар алдында тілшілерге берген сұхбатта Ресей президенті Владимир Путиннің АҚШ президентімен телефон арқылы сұхбатта Түркия мен Сирия шекараларын жауып тастау туралы ұсынысына қатысты қойылған сауалға берген жауабында: "Екі мемлекет басшыларының Түркияның шекаралары туралы Түркияның сыртынан айтылған сөздерінің ешқандай құны мен мағынасы жоқ. Түркия шекаралары тақырыбының өзгелерге еш қатысы жоқ, мұның тек осы елге ғана қатысы бар. Өзгелер бір-бірімен кез келген тақырып туралы сұхбаттаса алады, бірақ шекара туралы соңғы сөзді Түркия республикасының үкіметі айтады" деді.