Венесуэлада 12 мың музыканттан тұратын әлемдегі ең үлкен оркестр түрлі шығармалар орындады
(last modified 2021-11-15T21:09:51+00:00 )
Қар 16, 2021 03:09 Asia/Almaty

Венесуэланың ұлттық оркестрі балалар мен жастардың хор топтарымен бірге елдің түкпір-түкпірінен келген 12 мыңға жуық жас музыканттың басын қосып, Ресейден озып, «әлемнің ең үлкен оркестрі» ретінде Гиннес рекордына қол жеткізуге талпынды.

Осы рәсімге Гиннес рекордын тіркеу ережелерінің дұрыс орындалуын қадағалайтын 300 өкілмен қоса, Венесуэланың кейбір саяси тұлғалары, соның ішінде Президенттің орынбасары Делси Родригес қатысты.

Венесуэла әскери академиясының ауласында өткен шарада жалпы 8 шығарма орындалды.

 

Тегтер