Жағдайға АҚШ жауапты
АҚШ-тың Иранға қарсы заңсыз санкцияларын жою туралы Вена келіссөздерінің жаңа кезеңі 29 қарашаға белгіленгенімен, АҚШ нақты ізгі ниет танытпас түгіл, ИИР-на қарсы жаңа мәлімдемелер мен санкцияларды жобалауды көздеді.
АҚШ-тың Иран істері бойынша арнайы өкілі Роберт Мали және үш еуропалық елдің (Германия, Ұлыбритания және Франция) өкілдері және Парсы шығанағы ынтымақтастық кеңесінің өкілдері Риядтағы отырыста Иранның "аймақтағы тұрақсыздыққа әкелетін әрекеттері" туралы негізсіз айыптауларын қайталады. Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Саид Хатибзаде жұма күні Twitter-дегі парақшасында бұл мәлімдемеге реакция білдіріп, АҚШ үкіметін БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 2231 қарарын бұзып, Қауіпсіздік кеңесінен шығуы үшін айыптады. Иран АҚШ-тың жауапсыз әрекетінен және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің талаптарын бұзуынан көп зардап шекті. Иран Сыртқы істер министрінің орынбасары Әли Бақери Еуропаның төрт еліне (Франция, Германия, Ұлыбритания және Испания) жасаған жуырдағы сапары, сондай-ақ Ресей мен Қытай Сыртқы істер министрлері орынбасарлары Сергей Рябков және Ма Чжаосумен кездесуінде АҚШ-тың Иранға қарсы заңсыз санкцияларын тиімді жою қажеттігін алдағы келіссөздер үшін қажеттілік ретінде атап өтті. АҚШ еуропалық үштікпен бірге «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын жандандыру үшін келіссөздер жүргізу қажеттігін сырт көзге қуаттағанымен, олардың әрекеттері Атом Қуаты Халықаралық Агенттігін құрал ретінде пайдаланып, Иранға қысымды күшейту үшін үйлестіру сценарийін ойлап тапқанын көрсетеді. Саяси сарапшы Имад Абшнас: «АҚШ-тың Иранмен мәселесі тек ядролық мәселе емес, ол одан да асып түседі. Олар Иранның ядролық қару жасағысы келмейтінін жақсы біледі, сондықтан Иранға қысым көрсету үшін сылтау айтып жатыр»,- деді. Агенттік пен оның батыс мүшелері өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда, протоколдан тыс шағымдарды беру және кепілдіксіз талаптар енгізу АҚХА саяси мақсаттарға арналған құрал ретінде пайдалану болып табылады. Мұндай әрекеттер Иранның өзінің заңды мүдделері мен құқықтарын қорғау ниетіне ешқандай әсер етіп қана қоймайды, сонымен қатар қазіргі жағдайдың шиелінісін арттырады.